Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты

1

Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST) – бұл Тэджон қаласында орналасқан Оңтүстік Корей жетекші оқу және зерттеу университеті. Университет 1971 жылы құрылған және жаратылыстану ғылымы, инженерия және бизнес салаларындағы мамандарды дайындайды. Университет жоғарғы ғылыми-зерттеу әлеуетіне және академиялық беделге ие. 2016 және 2017 жылдарды Thomson Reuters KAIST университетін әлемдегі инновациялық университеттердің ішіндегі алтыншысы деп және Азия-Тынық мұхит өңіріндегі ең инновациялық университет деп атаған. Осы жылдары университет әлемде 46-шы орын, Азияда 6-шы орын, QS университеттерінің әлемдік рейтингтегі техника және технологиялар аймағында 14-ші орын алды. Барлық сабақтардың 80% ағылшын тілінде өткізіледі.

Университет жыл сайын бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының шетел студенттері үшін толық шәкіртақы ұсынады. Шәкіртақыға оқудың толық ақысы, 300$ көлемдегі ай сайынғы шәкіртақы және медициналық сақтандыру кіреді.

Үміткерлер үшін талаптар:

  1. Үміткерлер 2019 жылғы 28 ақпандағы (көктемгі семестр үшін) және 2019 жылғы 31 тамыздағы (күзгі семестрге) ахуалы бойынша аяқталған орта білімі болуы тиіс.
  2. Ағылшын тілі IELTS 6.5, TOEFL IBT 83, TOEFL PBT 560 деңгейінен төмен болмауы тиіс.

Онлайн тіркелу мерзімі:

  • Негізгі қабылдау: 2018 жылдың 1 қарашасы — 2019 жылғы 11 қаңтар
  • Кеш қабылдау: 2019 жылғы 1 наурыз — 2019 жылдың 24 мамыры

Өтініш беру процедурасы:

  1. Мына сілтеме бойынша өтіңіз:http://admission.kaist.ac.kr/international. Онлайн-сауалнаманы толтырып, файлды сақтаңыз. Сауалнаманы дұрыс толырғандығыңызды тексеріңіз.
  2. Оқу өтінішін қарастыру үшін 80$ алымды кредиттік картамен немесе аударыммен төлеңіз. Алым қайтарылмайды. Сонымен қатар, сауалнамадағы мәліметтердің дұрыс толтырылғанына көз жеткізіңіз, себебі төлем аяқталған соң сіз сауалнамадағы мәліметтерді өзгерте алмайсыз.
  3. Барлық қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін онлайн режимде жүктеп алыңыз.
  4. Толтырылған онлайн-сауалнаманы басып шығарыңыз. Ары қарайғы процедуралар және нәтижелерді тексеру үшін өзіңіздің тіркеу номеріңізді есте сақтаңыз.
  5. Толтырылған өтініш бланкін және барлық қажетті құжаттарды мына мекен-жайға жіберіңіз:
    Office of Admissions, KAIST #108, Yang Boon Soon Bld. (E16-1) 291 Daehak-ro, Yuseong-gu, Daejeon 34141, Republic of Korea
    Tel.: +82-42350–4802/4803.
  6. Университеттің құжаттарды қабылдауын университет сайты арқылы тексеруге болады. Университет үміткерлерді жекеше хабардар етпейді.

Өтініш беру үшін құжаттар:

  1. Сауалнаманы толтыру
  2. Бір ұсыныс хат (онлайн жіберіледі)
    Онлайн тіркелу ұсыныс форматы аяқталғаннан кейін бірден аяқталады.
  3. Орта мектепте оқып жатқан соңғы 3 жылдағы транскрипт/табель
  4. Көп дегенде 5 бет көлемінде сіздің мектебіңіз жайлы ақпарат (ресми бағдары, мектепте жарияланатын брошюра, сайт, деңгейлер, оқушылар статистикасы және т.с.с)
  5. Үміткерлер кем дегенде SAT 1,SAT 2, AP, IB секілді ресми сертификаттардың біреуін, ҰБТ қорытындыларын, Халқаралық Олимпиадалар сертификаттарын жіберуі тиіс. SAT 2 сертификаттың болуы қатаң түрде ұсынылады (Математика 2 деңгейі, Физика, Химия (немесе Биология)).
  6. Ағылшын тілді білу сертификаты
  7. Төлқұжат немесе жеке куәлік
  8. Қаржылық ресурстар туралы өтініш– өтініште KAIST шәкіртақысын таңдау керек
  9. Марапат және мадақтамалар – марапатқа дейін

* Ұсыныс хаты ағылшын немесе корей тілінде мектеп кураторы, сынып мұғалімі немесе математика / ғылым мұғалімі арқылы жазылуы тиіс. Онлайн төлемнен кейін пішінге электрондық пошта сілтемесі мұғалімнің электрондық пошта мекенжайына автоматты түрде жіберіледі. Сондықтан мұғалімнің электрондық пошта мекен-жайын дұрыс толтыру ұсынылады.

* SAT2, SAT1, AP, ACT сертификаттары тікелей ресми агенттіктерден KAIST-ге жіберілуі тиіс (Жіберу шамамен 1–2 аптаға созылады)

Сауалнама формалары, өтініштерді келесі сілтемеден жүктеп алуға болады: https://admission.kaist.ac.kr/international/?page_id=2241

* Барлық құжаттар ағылшын тіліне аударылуы тиіс және нотариаоды куәландырылуы қажет. Аударманы түпнұсқамен бірге жіберу керек

* Грантқа қабылдау туралы ақырғы шешімді алдыңғы қатарлы Корей институты қабылдайды

* Оқуға түсу туралы толық нұсқаулықты көшіріп, ағылшын тілінде оқу бағдарламасымен танысыңыз:

https://admission.kaist.ac.kr/international/wp-content/uploads/2018/07/Admission-Guide_2019-Undergraduate.pdf

Сұрақтарыңыз болса, келесі телефонға хабарласыңыз: +7 (7172) 76 90 69