Хельсинки университеті

1

Хельсинки университеті әлемдегі ең үздік 100 университеттің қатарында!

Стипендия түрлері:

  1. Толығымен қаржыландырылатын грант (оқу ақысы + 10 000 евро)
  2. Толық оқу ақысы
  3. Білім гранты (10 000 евро)

Стипендия екі жылға беріледі.

Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Магистратура бағдарламалары үшін өтініш беру мерзімі 3.12.2018–11.1.2019.

Өтініш беру өте жеңіл!

Оқуға және стипендия алуға қалай тапсыруға болады?

  1. магистратура бағдарламасы бойынша тапсырғыңыз келетін бағдарламаны сілтеме бойыншатауып, сипаттамасымен танысыңыз
  2. магистратура бағдарламасына қалай түсу керектігі жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып, қажетті құжаттарды дайындаңыз.
  3. магистратура бағдарламасына түсу үшін пайдаланылған өтініш формасы стипендия алу үшін өтінішпен бірдей. Бұл өтінішті толтырып жіберіңіз.
  4. барлық қажетті құжаттарды электронды түрде жіберіңіз.

Қажетті құжаттар:

  1. бакалавриаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі
  2. нотариалды куәландырылған транскрипт (диплом қосымшасы)
  3. тіл біліктілігінің сертификаты (IELTS 6.5)
  4. паспорттың көшірмесі
  5. уәждемелік хат

Сіз стипендия иегері болған жағдайда университет тарапынан стипендия иегері атанғаныңызды ресми хат арқылы біле аласыз.

Стипендиаттарға берітлетін артықшылықтар:

  1. Финляндияның студенттік денсаулық сақтау қызметтерінің (FSHS) тегін немесе өте қолжетімді медициналық қызметтерін пайдалану
  2. Unicafe мейрамханаларында студенттерге арналған тамақтану жеңілдіктері
  3. қоғамдық көлік жеңілдіктері
  4. төмен бағамен шексіз қызметтер.
  5. Финляндияның Хельсинки Жазғы мектебінде фин тілін үйрену мүмкіндігі. Егер сіз стипендияны алғаннан кейін бірден келісіміңізді растайтын болсаңыз, Сізге бұл курс тегін беріледі. Бұл Хельсинкиде оқуды бастамас бұрын фин тілін және фин мәдениетін үйренудің керемет мүмкіндігі.Финляндия сізді күтеді!

Толығырақ университеттің сайтынан немесе 8 7172 76 90 56 байланыс телефоны арқылы біле аласыз