КОЧ Университеті

ApplicationsOpen_spring2019

КОЧ Университеті 1993 жылы құрылған коммерциялық емес жоғары оқу орны.

  • «Times Higher Education» рейтингіне сәйкес, университет ғылым мен техника саласы бойынша ең үздік 250 университет, әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша үздік 150 университеттер қатарында орналасқан. Түркияның жетекші университеттерінің ондығына кіреді.
  • Барлық бағдарламалар ағылшын тілінде оқытылады (мейірбике және кейбір заң факультеттері бойынша курстарды қоспағанда)
  • АҚШ, Еуропа және Азия елдерінде оқушы алмасу бағдарламалары бойынша 200-ден астам серіктестері бар.
  • Қолдау көрсету және интерактивті оқу алаңын құрастыру мақсатында студенттер мен мұғалімдердің төменара қатынасы (12: 1).
  • Үлкен кампуста бассейн, мұз айдыны, фитнес клубы және 90-нан астам әлеуметтік және мәдени іс-шараларды ұйымдастыратын студент клубтары орналасқан.
  • Тағылымдамаларға, жазғы бағдарламалар мен түлектердің жұмысқа орналасуына толық қолдау қызметі.
  • Түлектердің 80% оқуды бітіруімен 3 ай ішінде жұмысқа орналасады.

Толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы біле аласыз  

Университет бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 100% грант ұсынады.

  • Бакалавриат бағдарламасы бойынша грант саны (100% тегін оқу, тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, көлік шығындарын қамтымайды) – 3.
  • Магистратура бағдарламасы бойынша грант саны (100% тегін оқу, тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, көл ік шығындарын қамтуы мүмкін) – 6, соның ішінде 2 орын диссертациясыз және 4 орын диссертация тапсырумен.
  • Докторантура бағдарламасы бойынша грант саны (100% тегін оқу, тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, көлік шығындарын қамтуы мүмкін) – 4.

Бакалавриат бағдарламасы бойынша 100% грант талаптары:

  • Аттестаттың орташа балы (GPA) жалпы 5 балдан 4.50, SAT (кемінде 1160), ACT (кемінде 21) немесе IB (кемінде 28), GCSE (кемінде 3 A-Levels с A)
  • TOEFL-IBT кемінде80 балл
  • Соңғы тоқсандықтардың табелі, оқуды бітіргені туралы аттестат
  • Уәждемелік хат (ағылшын тілінде)
  • 2 ұсыныс хат
  • 150 түрік лирасы көлемінде тіркеу төлемақысы

Магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша 100% грант талаптары:

  • GRE сертификаты
  • TOEFL-IBT сертификатыкемінде 80 балл
  • Ағылшын тілінде түйіндеме
  • 2–3 ұсыныс хат
  • Транскрипт немесе диплом (ағылшын тілінде)
  • Уәждемелік хат(Statement of purpose)

Ақпарат үшінӘр үміткер онлайн-өтінім жүйесінде қажетті ақпарат пен құжаттарды университеттің сайтында толтыруы керек,

бакалавриат үшін сілтеме

магистратура үшін сілтеме.

Университет туралы қосымша ақпаратты сілтеме бойынша оқи аласыдар

Сұрақтарыңыз болған жағдайда төмендегі номер арқылы хабарласуыңызды сұраймыз

+7 (7172) 24-93-71

немесе

study@ku.edu.tr  электронды поштасы арқылы