«Stipendium Hungaricum»

1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының адам ресурстарын қорғау министрлігі арасындағы 2013 жылдың 19 қарашасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Венгрия Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2019–2020 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысуғамүмкіндік береді.

Осы бағдарлама аясында Венгриянын тарапынан Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламаларға 250 грант бөлінген:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын (өнер, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, техникалық ғылымдар)
  • магистратура бағдарламасы бойынша 90 орын  (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)
  • бакалавриат және магистратураның бірлескен бағдарламасы бойынша 5-тен 6 жылға дейін оқу мерзімімен 30 орын (жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, архитектура, заң, ветеринарлық хирургия, ауылшаруашылық саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер)
  • докторлық бағдарлама бойынша 20 орын (барлық бағытта)

Гранттар бойынша ақпарат төмендегі сілтемеде:

http://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programmehttp://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programme

Мамандықтардың тізімін осы жерден көре аласыз (сайтта Annex 1 тандау қажет).

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • бакалавриат пен магистратура бойынша ай сайынғы стипендия — 130 еуро, докторантура — 450–580 еуро;
  • жатақханада тұру (немесе айына 130 еуро мөлшерінде жалға берілетін тұрғын үйді төлеу);
  • медициналық сақтандыру.

ЕСКЕРТУ!!! Қалған шығындар грант иегерлері тарапынан төленеді.

Өтініштер 2001 жылдың 31 тамызынан кейін туылған өтініш берушілерден қабылданбайды(«Хореография» мамандығына өтініштерді қоспағанда).

  • Венгр веб-сайтының онлайн тәртібінде тіркелу мерзімі — 15 қаңтарға дейін.
  • Толық құжаттар пакетін қабылдау мерзімі — 2019 жылдың 20 қаңтарына дейін.
  • Венгрия тарапынан іріктеуді өткізу мерзімі — 2019 жылдың 28 ақпанынан мамыр айына дейін.

Құжаттарды онлайн және қолма-қол тапсыруқажет.

1 ҚАДАМ

1.Online өтініш беру.

Стипендияға үміткерлер бастапқыда міндетті түрде Apply.stipendiumhungaricum.hu сілтемесі бойынша онлайн тіркелу қажет.

Өтініш берушілер онлайн-сауалнаманы толтырған кезде ағылшын тілінде немесе венгр тілінде қажетті құжаттардың сканерленген нұсқаларын толтыруы қажет (қосымша құжаттар 4 МБ-нан аспауы керек).

Он-лайн арқылы тапсыруға арналған құжаттар

  • Ағылшын тілінде уәждемелік хат (Times New Roman 12 қаріп, кем дегенде 1 бет);
  • Шет тілінін білімін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL);
  • Білімі туралы құжаттар:
    – бакалавриат: 9 сыныптағы куәліктің скан. көшірмесі қосымшасымен (НЗМ үшін 10 сынып), 11 сыныптың 1–2 тоқсандағы табелі (12 НЗМ).
    Сондай-ақ, ағылшын тіліндегі аудармасын қоса беру қажет.
    – магистратура: бакалавриат дәрежесінің дипломының скан. көшірмесі қосымшасымен.
    Сондай-ақ, ағылшын тіліндегі аудармасын қоса беру қажет.
    – докторантура: магистр дәрежесінің дипломының скан. көшірмесі.
    Сондай-ақ, ағылшын тіліндегі аудармасын қоса беру қажет.
  • Шетелде оқу үшін медициналық анықтамасының скан. көшірмесі (ЖҚТБ, А,В,С гепатиттерінің  анықтамасы қосымшасымен);
  • Паспорттың скан. көшірмесі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

  • әрбір кандидат ең көп дегенде 2 бағдарламаны немесе 2 университетті таңдай алады (басымдылығы бойынша);
  • құжаттарды 2019 жылдың 15 қаңтарына дейін ұсыну қажет.
  • Орта білім туралы сертификат (11, 12 сынып), Бакалавриат және магистратура бағдарламаларының дипломдарын тапсыруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттаы не себепті тапсыралмайтынызды және қай күні тапсыра алатынызды белгілеп еркін турде декларация (хат) жазу керек. Хат «To Tempus Public Foundation» қоғамдық қорына жіберіледі. Хатта күнді білгелеп, жеке қолтаңбаны қою қажет және сканерленген нұсқасын «Documents» бөлімінде тіркеу керек. Жетпейтін құжаттарды Tempus Public Foundation-ге 2019 жылдың 1 тамызына дейін жеберілу қажет. Декларация болмаған жағдайда құжаттар қабылданбайды.
  • бакалавриат: декларацияның скан. көшірмесі + 11 сыныптағы куәлік көшірмесі қосымшасымен скан. түрінде

(ағылшын тіліндегі аудармасымен)

  • магистратура: декларацияның скан. көшірмесі+ бакалавриат дәрежесінің дипломының скан. көшірмесі

(ағылшын тіліндегі аудармасымен)

Интернеттегі форманы толтыру, мотивациялық хат жазу, құжаттарды сканерлеу және медициналық анықтама туралы мысалдар мен ережелерге сілтеме.

2 ҚАДАМ

  1. Құжаттарды қолма-қол тапсыру.

Стипендияға үміткер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде келесі құжаттарды

Астана, Мәңгілік Ел 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы 5-ші қабат, 507 каб мекенжайы бойынша тапсыру қажет:

  1. стипендиялық бағдарламаның ағымдағы өтінім нысаны (өтініш берушінің қолы қойылған толығымен аяқталған онлайн-тіркеу сауалнамасы, фотосурет өтініш бергенге дейін 2 жылдан кешіктірілмей жасалған болу керек);
  2. шетелге оқуға түсетін Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы қосымшаның нысанына сәйкес болуы керек;
  3. шет елде мемлекеттік немесе орыс тілінде білім алу үшін мотивациялық хат (12 шрифт Times New Roman);
  4. төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқалар тапсырылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған болуы шарт). Түпнұсқалар тексергеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады;
  5. шет тілді білетіндігін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL бар болғын жағдайда), растау үшін түпнұсқасын ұсыну керек;
  6. білім беру құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмелері. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда — білім туралы куәлікті тану немесе нострификация туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалар тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады);
    Білім беру құжаттары:
    – бакалавриат бағдарламасына –аттестатты қосымшасымен немесе негізгі орта білім туралы куәлікті, оқушының ағымдағы үлгерімі туралы 11-ші немесе 12-ші сыныптарындағы орташа баға белгіленген аңықтаманы және табелді тапсыру қажет (орташа баға 5,0-ден кем дегенде 4,5 болу қажет);
    – магистратура бағдарламасына — бакалавр дәрежесінің дипломы, GPA 4.0-ден 3.0;
    – докторантураға — бакалавриат /специалитет дипломы GPA 4.0-ден 3.0, магистр дәрежесі болған жағдайда– диплом мен қосымшасымен.
  7. құжаттарды тапсыру кезінде ағымдағы жылы берілген қосымшаға сәйкес шетелге шығаттын азаматтың 082у медициналық аңықтамасы;
  8. сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
  9. ұсыныс хаты (бар болса);
  10. транскрипт (бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен немесе оқитын адамдар үшін). Сонымен қатар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аударма қамтамасыз етіледі;
  11. Таңдалған ғылыми тақырып бойынша эссе (PhD бағдарламасы бойынша оқуға түсетіндер үшін);
  12. Бар болғын жағдайда ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік / ғылыми зерттемелердің тізімі(PhD бағдарламасы бойынша оқу үшін);
  13. Көп балалы отбасыға жататын аңықтамасының түпнұсқасы және көшірмесі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, мүгедек балалар мен мүгедек балалар санына жататындығын растайтын медициналық зерттеулердің нәтижесінде шетелдік оқу орындарында оқуға рұқсат етілетін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі,(түпнұсқалартексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады).

Үшінші тұлғалар құжаттарды ұсынған жағдайда — өтініш берушіден конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды ұсынуға нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы болуы керек;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

Құжаттар қағаз құжат тігілетін мұқабада тапсырылады. Файл мұқабасында үміткердің толық аты-жөні, үй мекен-жайы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекен-жайы, тандаған оқумемлекеті, унивесритеті және маманды жазылу тиіс.

Құжаттар толық болған жағдайда ғана қабылданады және 1 данада.

Конт. тел.: +7 (7172) 76-90-84, 76-90-82, 76-90-83, 76-90-56, 24 93 86, 24 93 85

Құжаттарды қабылдау уақыты:

Сағат таңғы 8: 30-дан 17: 00-ге дейін, түскі үзіліс 12: 30-дан 13: 30-ға дейін.