UNIST

1

UNIST 2007 жылы әлемге әйгілі автомобиль (Hyundai Motor), кеме жасау (Hyundai Heavy Industries), мұнай-химия (SK Energy) концерндерінің фабрикалары топтастырылған Улсанс өнеркәсіптік астанасында жоғары білімге сұранысқа жауап ретінде құрылған. Университет Оңтүстік Кореяның техникалық бағытындағы үздік 10 университеттер қатарына кіреді. UNIST-тің құрамына 9 ғылыми-техникалық мектеп, бизнес-мектеп және жалпы ғылыми-зерттеу бөлімі (DGS) кіреді. Сонымен қатар, бірнеше мамандандырылған жоғары кәсіби мектептер мен ғылыми орталықтар бар. UNIST-та 100% курстар ағылшын тілінде оқытылады.

Грант келесіні қамтиды:

  1. тегін білім алу
  2. ай сайынғы стипендия
    – бакалаврлар үшін $ 300
    – магистранттар үшін $ 750
    – докторанттарға $ 1000
  3. тегін медициналық сақтандыру

2019 жылдың күзгі семестрі және 2020 жылдың көктемгі семестрге құжаттарды тапсыру мерзімі:

Кандидаттар онлайн тәртібінде тіркеліп, құжаттарды пошта арқылы жіберу керек.

  • Онлайн тіркелу: 2019 жылдың 8 қаңтарынан 2019 жылдың 14 ақпанына дейін
  • Құжаттарды қабылдау: 2019 жылдың 8 қаңтарынан 2019 жылдың 14 ақпанына дейін
  • Нәтижелерді жариялау: 2019 жылдың 23 сәуірі
  • Сұхбаттар 2019 жылдың 18 наурызынан 2019 жылдың 29 наурызына дейін болады

Қажетті құжаттар:

  1. Құжаттар тізімі
  2. Сауалнама
  3. Алдыңғы білім туралы ақпарат
  4. Өзіңіз туралыжәне оқу жоспары туралы эссе
  5. Ұсыныс хат (қол қойылған және мөрмен бекітілген)
  6. Қаржылық ресурстар туралы есеп
  7. Академиялық ақпараттарды растау туралы хат
  8. Мектептің соңғы 3 жылдағы бағаларымен табель
  9. Орта білім туралы куәлік
  10. TOEFL, IELTS, TEPS, TOEIC сертификаты
  11. Кандидаттың паспортының көшірмесі
  12. Ата-анасының паспорттарының көшірмелері
  13. Туу туралы куәлік
  14. Бар болған жағдайда, марапаттар мен сертификаттар (5 данаға дейін)
  15. ҰБТ сертификаты (бар болған жағдайда)
  16. Ресми пәндік тестілеу сертификаттары: IB, SAT, AP, ACT, AICE және т.б.(бар болған жағдайда)

*Барлық көшірмелер ағылшын тіліне аударылып нотариалды расталуы тиіс. Өтінімдердің формалары, ұсыныс хаттар мен эсселерді http://adm-u.intl.unist.ac.kr/ сайтынан көшіріп алуға болады.

Барлық құжаттар мен құжаттар тізімін келесі мекен-жайға жіберуге болады:

  • UNIST Admissions Team
  • Room # 105 Main Administration Building (201)
  • 50 UNIST-gil, Eonyang-eup, Ulju-gun, Ulsan 44919, Republic of Korea

Қосымша ақпараты 8 7172 76 90 69 телефоны арқылы біле аласыздар.