Қазақстан азаматтары үшін 20 грант!

1

Вильнюс Гедиминас техникалық университеті қазақстандық студенттерге 20 стипендия (100% тегін оқыту) және әр семестрден кейін академиялық үлгерімі үшін ай сайын стипендия ұсынады.

Вильнюс Гедиминас техникалық университеті (Vilnius Gediminas Technical University) 1956 жылы құрылған, ол Литвадағы ең ірі университеттердің бірі болып табылады, сонымен қатар техникалық, инженерлік білім және зерттеу саласында Балтық елдері арасында жетекші орынды иеленеді.

Бұл университет еуропалық стандарттарға, дипломдарға, ағылшын тіліндегі оқу бағдарламаларына, студенттік алмасу бағдарламаларына, бірінші жыл жатақханасында кепілдендірілген орынға, стипендияға және аптасына 20 сағатқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жоғары сапалы біліммен ерекшеленеді.

Барлық студенттер Еуропаның серіктес университеттерінде екі семестрге оқуға немесе тәжірибеден өтуге мүмкіндіктері бар.

Университетте ағылшын тілінде 14 бакалавриат бағдарламасы бар:

  1. сәулет (аралас бағдарлама);
  2. бизнесті басқару;
  3. ақпараттық жүйелерді жобалау;
  4. инженерлік қаржыландыру;
  5. инженерлік информатика;
  6. инженерлік механика;
  7. ақпараттық технологиялар;
  8. компьютерлік техника;
  9. шығармашылық салалар;
  10. мехатроника және роботика;
  11. ұшуды басқару (аралас бағдарлама);
  12. құрылыс;
  13. көлік техникасы;
  14. энергетикалық ғимараттар.

Сондй-ақ, магистратура бағдарламалары бойынша ағылшын тілінде 15 мамандық ұсынылады:

  1. бизнесті басқару;
  2. инженерлік қаржыландыру;
  3. электр энергетикасы жүйесін жобалау;
  4. инженерлік механика;
  5. инженерлік экономика;
  6. ақпараттық және ақпараттық жүйелерді қорғау;
  7. компьютерлік техника;
  8. мехатрондық жүйелер;
  9. геоматикадағы инновациялық шешімдер;
  10. инжинирингтік және инновациялық менеджмент;
  11. заманауи жолдар мен көпірлер;
  12. құрылыс;
  13. қоршаған ортаны қорғау және басқару технологиясы;
  14. көлік техникасы;
  15. электрондық машина жасау.

Қабылдау шарттары:

Құжаттарды тапсыру үшін http://apply.vgtu.lt/ сілтемесі арқылы тіркеліп, оқу бағдарламасын таңдап, келесі құжаттарды жүктеу керек:

  1. орта білім аттестаты қосымшасымен / бакалавриат дипломы қосымшасымен;
  2. ағылшын тілін білу туралы сертификат (TOEFL 75 iBT, IELTS 5.5 немесе ағылшын тілін оқитындығын растайтын басқа құжат).

Құжаттар ағылшын тіліне аударылып, апостильмен расталуы керек.

2019 жылғы 15 шілдеге дейін құжаттарды -онлайн тапсыруы тиіс.

Бір айда жұмсалатын орташа қаражат:

Жатақхана 110 € (бірінші курс студенттері міндетті);
Көлік 6 €;
Тамақ 100 € (шамамен);
Барлығы: 200 € (шамамен).

Қосымша ақпарат алу үшін: +7 7172 24 93 71 телефонына хабарласыңыз