Индиана Университетінің бакалавриат студенттеріне арналған шәкіртақылар

Мерзімі: 2018 жылдың 1 қарашасы

Сипаттама

Қайда: Bloomington, АҚШ

Қашан: жыл сайын

Индиана Университеті бакалавриат студенттеріне бірнеше шәкіртақы ұсынады.

Жоғары академиялық көрсеткіштер үшін тағайындалатын шәкіртақылар:

Бакалавриат бағдарламаларының біріне түскен барлық студенттер автоматты түрде шәкіртақыға үміткер болады. Студентке тек 1 шәкіртақы ғана тағайындалады, шәкіртақы 4 оқу жыл бойы төленеді:

Үздік стипендиат жүлдесі – жылына 15000 АҚШ доллары. (GPA – 4 балдық шкала бойынша 3.75, математика бойынша SAT – 670 немесе 1310 – оқу, жазу және математика немесе ACT – 28).

Декан тағайындаған шәкіртақы – жылына $ 11,000 (4 баллдық GPA бойынша – 3,5, математика бойынша SAT – 620 немесе 1270 оқу, жазу және математика, немесе ACT – 26).

Үмітклердің ішінде екінші ең жоғарғы ұпай көрсеткен үміткерге берілетін шәкіртақы – жылына 10,000 АҚШ доллары(студент ең үздік немесе сыныптағы үздік оқушылардың бірі болуы керек, сыныпта кем дегенде 25 оқушы болуы керек).

Халықаралық елші сыйлығы – жылына 7000 АҚШ доллары. (GPA – 4 балдық шкала бойынша – 3.0, TOEFL iBT – 80 немесе IELTS – 6.5).

IUPUI Housing Stipend ($ 2,500) жоғарыда сипатталған шәкіртақымен бірге төленуі мүмкін.

Оқудың толық құнын осы жерден көруге болады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

• шәкіртақы алуға өтінішті 2018 жылдың 1 қарашасына дейін беру керек (оқу күзгі семестрден басталады);

• SAT немесе ACT тестілеу балдары жоғары болуы керек;

• күндізгі оқу түрі бойынша оқитын студенттер ғана шәкіртақыға ие бола алады (күзгі және көктемгі семестрге тіркелуге болады);

• үміткерлер ағылшын тілін жетік білуі керек.

Университет сайтында шәкіртақы туралы қосымша ақпарат алуға болады