«Туған елге тағзым»

«Туған елге тағзым» зерттеу экспедицияның ережелері


2012 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзіндік патриоттық жоба – «Туған елге тағзым» іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетанулық экспедиция өз жұмысын бастады. Аталған жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге, оқушы бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған.
Зияткерлік мектептердің өзара маршрут алмасу арқылы Қазақстан аймақтарымен танысып, зерттеу жүргізуі бұл білім беру сапарының ерекшелігі болып табылады. Жоба аясында экспедициялық топтар еліміздің барлық аймақтарында болып, сол жердің флора, фауна, тарихын, мәдениетін, инновациялық объектілерін, архитектуралық құрылыстарын, зерттейді.
Экспедицияға әр аймақтың 7, 8, 9, 10 сыныптарынан оқу барысында, шығармашылықта, спорттық шаралардағы жетістіктері үшін таңдалған оқушылар қатысады.
Экспедиция жұмысы толыққанды нәтижеге бағытталған. Экспедиция аяқталғаннан кейін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары бойында зерттеп отырған аймақ туралы (оның өткені, бүгіні мен болашағы туралы) толық хабардар болу, зерттеу жүргізу, сұхбат алу, жинақталған материалды тәжірибеде қолдану үшін, сараптау, топтағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, физикалық және психологиялық төзімділік, өзіндік шешім қабылдау және әрекет ету секілді дағдылар қалыптасады.
Экспедиция аяқталғаннан кейін, алдағы оқу жылында өткізілетін экспедицияда зерттеу жүргізу үшін, жинақталған материалдар мектеп кітапханасына беріледі.
«Туған елге тағзым» іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетану экспедициясын өткізу дәстүрге айналады. Алдағы жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік оқушы – жас зерттеушілері туған еліміздің табиғаты көркем, шұрайлы да қайталанбас жерлеріне саяхатқа барады.

Экспедиция нәтижелері


«Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы
2012 жылдың маусым айының 15 мен 26 аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 120 оқушысы және 30 педагогы алғаш рет «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясына қатысты. Жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы тарапынан әзірленіп, оқушыларды туған елге деген қызығушылығын оятуға, отансүйгіштік сезімдерін ныйғатуға бағытталған еді. Оқу-ағарту сапарының ерекшелігі Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында Қазақстанның аймақтары бойынша зерттеу өткізу мен танысу үшін бағдарлар алмасу болып табылады. Жоба аясында экспедициялық топтар Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Астана қаласында болды.
Экспедицияға әрбір аймақтан 7,8,9,10 сыныптардың оқудағы, шығармашылықтағы, спортттағы және өзге де салалардағы табыстары үшін таңдалған 20 оқушысынан құралған топтар қатысты. Зерттеу экспедициясы 10 күнге созылды. Осы уақыт ішінде балалар аймақтың флорасы және фаунасымен (сирек кездесетін өсімдіктер және жануарлармен, соның ішінде Қызыл кітапқа кіргендерімен де), табиғи ландшафтарымен (таулары, өзендері, көлдері), ұлттық саябақтар және қорықтармен, тарихи орындармен, сәулет ескерткіштерімен, ірі индустриялды-өнеркәсіп нысандарымен, ғылыми орталықтармен, мәдени мекемелермен (мұражай, театрлар және т.б.), аймақтың танымал және беделді адамдарымен, музыкасымен, аңыздарымен, әпсаналарымен, халықтың салт-дәстүрімен танысты.
Семейлік жас ғалымдарға зерттеу нысаны ретінде Қазақстанның елордасы Астана мен Ақмола облысы бұйырды. Балалар өздерінің саяхатын Тұңғыш Президент мұражайынан бастап, онда Нұрсұлтан Назарбаевтың кабинетінде болып, Ұлт көшбасшысының балалық, жастық шақтарындағы және есейген кезіндегі қызықты сәттермен танысты. Еуразия ұлттық университетіндегі Күлтегін ескерткіші экспедицияның жеке тақырыбы болды. Оқушылардың айырықша қызығушылығына назар аударған университет ректоры Ерлан Сыдықов балаларды тікелей өзі қарсы алып, оларға зерттеу жұмысына қатысты бағалы кеңестер берді. Одан бөлек, тарихшы балаларға өз кітабы мен Жоғары оқу орнының эмблемасы бар естелік сыйлықтар табыс етті.
Оқушылардың пікірінше, саяхаттың ең қызықты сәті Қорғалжын қорығына жасалған сапар еді. Мұнда балалар қорықтағы сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды іздестіру жұмыстары күтіп тұрды, ал Исек өзенінің тұзды жағалаулары вертикалды және көлденең індердің мол болуымен көптеген сұрақтар туындатты. Зерттеушілер өздерінің қызықты сұрақтарына жауапты ересек әріптестерінен – Қорғалжын қорығы директорының ғылым бойынша орынбасары Александр Кошкиннен тапты, ол өңір туралы таңғажайып әңгімелер айтып берді. Ақмола облысының тарихи ескерткіштерінің ішінде оқушылардың жолы Ерейментаудағы Бөгенбай батырдың құрметіне ашылған тарихи-өлкетану мұражайына, Астанадан 35 шақырым жердегі Қабанбай батырдың кесенесіне, «Алжир» этно-мемориалды кешеніне түсті. Астанада оқушылар ХХ ғасырдың 30-жылдары ашаршылықтан құрбан болған қазақтардың рухына тағзым етіп, ұлттық мұрағаттың құнды материалдарын зерттеді.