«TEDx NIS» Клубы

Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің ТЕДХ клубы


TedXNIS клубының ашылу мақсаты: клуб мүшелерінің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру; жақсы идеялары бар, өз елінің дамуына үлес қосқысы келетін, болашақ әлемді өзгертуге, үш тілді, патриотизм мен имандылықты құрметтейтін оқуышыларды қабылдап, жұмыстар жүргізу.
TedXNIS клубының міндеті: бөлісуге тұрарлық идеяларды іздеу, қоғам алдында өзін ұстай білу, өз көзқарасын еркін жеткізе білу, өзіне сенімді, ойын нақты жеткізе алатын, пікір алмасуға белсенді қатысатын тұлғаны қалыптастыру.
Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің ТЕДХ клубы 2013 жылдың сәуір айында ашылды. Клуб мүшелерінің отырысында 2014 жылы TedXNIS клубының ашылуына арналған семинар-тренингке қатысқан оқушылар топтық жұмыс, бейне сабақтар және клуб мүшелеріне арналған құнды идеяларды дамыту туралы сұрақтарды талқылады.
TedXNIS клубының талқыланған тақырыптары: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі (Абаева Камила 8 «А»), «Ана тілі – ең жақын тіл» (Тоқтаров Азамат 8 «А»), «Интернеттің пайдасы мен зияны» (Орда Әділ 8«Л») (Нұрланова Жауһазын 8 «Л») «Таза қала мені толғандырады», «Салауатты өмір сүру» (Берікжанова Шырын 8 «А»), (Toқтарова Мадина 8 «Е»), «Ежелгі Египет» (Садуақасова Әсел 8 «Е») «Музыка туралы». Клуб мүшелерінің талқыланған тақырыптары мен сұхбаттары түсірілді. Сондай-ақ, TedXNIS клубында «TedX нені үйренеміз?» атты жазба шығарылды.


А.К. Оразбаева
«TedXNIS» клубының жетекшісі
Оқытушы-ұйымдастырушы-куратор