«100 кітап»

«100 кітап» оқырмандар клубы


Клубтың негізгі мақсаты конкурстар, кездесулер, дәрістер, әдеби кештер арқылы НЗМ оқитын балалардың басын қосып, біріктіру. Клуб арқылы балалар туған жер ақындары мен жазушыларының шығармалары мен өмірбаяның зерттейді және шетел жазушылары мен ақындарының шығармаларымен танысады

Ұран: «Білімдегі билік, кітаптардағы білім»

Атауы: «100 кітап»

Мақсаты: балалардың бойында азаматтық белсенділікті тәрбиелеу, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, балалардың ақыл-ойын дамыту, өз ойларын ашық білдіруге, гуманизм, адалдық, әдептілікке және сауаттылыққа үйрету.

Міндеттері:

  • Қазақ және әлемдік классикалық әдебиеттерді таныстыру;
  • Оқу дағдыларын дамыту;
  • Өз ойларын еркін және ашық білдіру дағдысын дамыту
  • Өскелең ұрпақтың әдебиетке деген көзқарасын өзгерту;
  • Әдеби шығармашылықты дамыту;
  • Бос уақытты ұйымдастыру

Нәтиже:

  • Кітаптарға деген қызығушылықты рухани және интеллектуалды дамудың құралы ретінде арттыру;
  • Отбасылық оқу дәстүрін сақтау және жалғастыру;
  • Балаларды ұлттық және әлемдік әдебиеттерді оқуға тарту;
  • Оқу бағыттарын өзгерту

Клуб мүшелерінің жиналысы: айына бір рет

Мүшелік: 7-10 сыныптар

Клуб жетекшісі: Н.Қасымова.

Шешендік өнердің шебері

Мектебіміздің 10 сынып оқушысы Үммігүлсім Жабағиева Алматы қаласында республикалық “Ділмар” шешендік өнер сайысында І орынды жеңіп алды.Жетекшісі: А. Жайсаңбаева.

«Мифология әлемі» үстел ойыны авторлық құқыққа ие болды

Мектебіміздің 11 сынып оқушылары мен пән мұғалімі кезекті авторлық құқыққа ие болды. Айзере Нұрбек пен Сенім Дүйсеновалар ұстаздары Ақбота Жайсаңбаевамен бірлесе отырып, «Мифология әлемі» үстел ойынын жасап шығарды.1 жылға жуық […]

Комикс: жаңа көзқарас

Мектебіміздің 8 сынып оқушылары Дильназ Сүлеймен, Ильнара Сарқытбек, Еркежан Елеусызова, Аяна Берікбаева Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында өткен “Комикс: жаңа көзқарас” желілік байқауында І орынға ие болды. Комикстер арқылы оқушылардың […]