Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2021 жылдың 23-24 сәуір аралығында Семей қаласындағы және аймақтағы колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында “Алға қадам-2021″ атты II аймақтық ғылыми жобалар конкурсын өткізеді (бұдан әрі-Конкурс).

Конкурстың мақсаты:

– жобалау және зерттеу жұмысы арқылы оқушылардың жеке ерекшеліктерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқушылардың білім беру және зерттеу әлеуетін дамыту;

– оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне уәждемесін арттыру;

– жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау;

– Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Өткізу тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Ұйымдастырушы: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Қатысушылар: Семей қаласының және  аймақ мектептері мен лицейлерінің оқушылары, колледж студенттері. Конкурсқа ғылыми зерттеулер саласындағы жеке жобалар, сондай-ақ келесі бағыттар мен пәндер бойынша 2 оқушыдан құралған ұжым қатыса алады:

БағытыПәндер
1.       ФизикаФизика
2.       ТехникаФизика
3.       Жер және ғарыш туралы ғылымФизика
4.       Математика, қолданбалы математикаМатематика
5.       Информатика, бағдарламалауМатематика, информатика, робототехника
6.       РобототехникаИнформатика, робототехника
7.       Экономика Математика
8.       БиологияБиология
9.       ХимияХимия
10.   Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығыБиология, экология
11.   ТарихДүниежүзі тарихы мен Қазақстан тарихы
12.   ҚұқықтануДүниежүзі тарихы және құқықтану негіздері
13.   ӨлкетануГеоргафия және Қазақстан тарихы
14.   ӘдебиетҚазақ, орыс және ағылшын әдебиеті
15.   ЭтномәдениеттануӘдебиет және Қазақстан тарихы
16.   Тіл біліміҚазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
17.   ПсихологияӨзін-өзі тану, медицина, психология
18.   Әлеуметтік жобаларВалеология, экология,өзін-өзі тану және т.б.

Тіркелу тәртібі: байқаудың әр қатысушысы сілтеме бойынша өтінімді  толтырады

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfs6vGNv3XMbpg3kikgHnNHXaM5zMVb3Nd7a8SfAsaGxyzp5w/viewform?usp=sf_link,

2021 жылғы 01 наурыздан 31 наурызға дейінгі мерзімде абстарктыны (Word құжаты) және JPEG форматындағы сапалы сандық фотосуретті жүктейді.

Іріктеу турын сараптау тәртібі:

Сараптаманы 2021 жылдың  1-16 сәуір аралығында мектептен бекітілген комиссия  жүргізеді.

Бірінші турдың қорытындысы мектептің  sm.nis.edu.kz/Konkurs_2021 сайтында жарияланады.

Өткізу уақыты мен орны:

Екінші кезең – online, TEAMS платформасында  2021 жылдың  22-23 сәуірінде өткізіледі.

Конкурстың ашылуы – 2021 жылдың  22 сәуір күні, сағат: 12:00-12:30  өтеді.

Жобаларды ұсыну-22 сәуір күні,  сағат: 14: 00-17: 00-де өтеді.

23 сәуір күні, сағат: 09:00-12: 00-де өтеді.

Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

23 сәуір күні сағат 16:00-де байқаудың жабылуы, жеңімпаздарды құттықтау өткізіледі.

Үздік ғылыми жобалар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен (тармаққа сәйкес) марапатталады.

Анықтама телефоны: +7 (705)2388944, Қалиева Құралай Ақылбердинқызы, Семей қ. ФМБ НЗМ мұғалімі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша “Алға қадам -2021” аймақтық ғылыми жобалар конкурсын ұйымдастыру және өткізу»

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелері

«Алға қадам-2021» ғылыми жобалар конкурсының мақсаты:

  • жобалау және зерттеу жұмысы арқылы оқушылардың жеке ерекшеліктерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқушылардың білім беру және зерттеу әлеуетін дамыту;
  • оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне мотивациясын арттыру;
  • жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау;
  • Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Әрбір секцияның сараптау комиссиясының құрамына ғылымның осы бағыты бойынша кемінде үш мүше (ғалым, мұғалімдер) кіреді. Комиссия құрамы тиісті ғылыми жобалар конкурсын ұйымдастыратын білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Іріктеу кезеңінің комиссиясы осы қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген бағалау өлшемдері бойынша зерттеу жұмыстарын қарап, әрбір жобаға пікір береді және өңірлік кезеңге қатысушыларды анықтайды.

Ғылыми жобалар конкурсына ұсынылуға болатын жұмыстар:

  • ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және бұрын белгісіз тұстарын баяндайтын;
  • мектеп эксперименттерін жетілдіруге, өндірістік процестерді ұтымды етуге, практикалық міндеттерді шешуге жәрдемдесетін жаңа аппараттардың, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын;
  • әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған экономикалық-заңдық негіздемелері бар компьютерлік модельдер мен жобалар;

жануарларға қатыгездікпен қарау эксперименттері бар және адамдар мен жануарлардың денсаулығы үшін зиянды заттар (канцерогендік және мутагендік әсері бар уытты, радиоактивті, зерттелмеген биологиялық белсенді қосылыстар; адам мен жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар; микроорганизмдер, вирустар, алкоголь, темекі және т. б.) пайдаланылатын кәмелетке толмағандар үшін рұқсат етілмеген аспаптарды пайдаланса конкурсқа қатысуға жіберілмейді.);

бұрын республикалық жарыстарда қаралған және қорғалған жұмыстар, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Презентацияға қойылатын талаптар, 2-қосымша.

Уәкілетті орган бекіткен ғылыми жетекші алынған нәтижелердің сеніміділігі мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Оқушы өз бетінше зерттеу қызметінің жаңа білімі мен дағдыларын игере отырып, қолынан келетін жұмысты орындауы тиіс.

Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Ғылыми байқау екі кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең – сырттай, екінші кезеңге іріктеу кезеңі түрінде өткізіледі. Қатысушылар тіркеледі және тек Word форматында оқушылар жұмысының абстрактісін жібереді, саны 2 беттен аспайтын (600 сөз).

Абстракт (аннотация), жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі керек (3-қосымша), оның ішінде:

– оқушының жеке суреті

– зерттеу мақсаты;

– гипотеза;

-зерттеу кезеңдері, рәсімдері;

– тәжірибе әдістемесі;

– зерттеу жаңалығы мен дербестік дәрежесі;

– жұмыс нәтижелері және қорытындылар;

– нәтижелердің практикалық пайдалану саласы;

Екінші кезең – аймақтық. Қатысушылар online турдан өтеді-ppt презентациялары бойынша жобаларды қорғайды.

  1. Бірінші кезеңге:
  •  5-6 -сыныптар
  •  7-9 – сыныптар
  •  10-12 – сынып оқушылары мен колледжің І-ІІ курс студенттері қатыса алады. Зерттеу жұмысын екі оқушы орындай алады.
  1. Екінші кезеңге бірінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады, олар ғылыми жетекшінің пікірімен жұмыс жасайды.

3.Іріктеу кезеңіне ұсынылған зерттеу жұмыстарының сараптамасынан кейін,  сараптама комиссиясы әрбір секция бойынша ғылыми конкурстың екінші кезеңіне қатысушыларды анықтайды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша, бірінші іріктеу кезеңінен өткен жұмыстар жіберіледі.

4.Жұмысты қорғау кезінде авторға (тең авторларға) баяндама үшін 10 минут беріледі.

Ғылыми конкурстың қорытындысы жұмыстың алдын ала сараптамасынан алынған баллдарды ескере отырып шығарылады.

3.Қортынды ЕРЕЖЕ

  • Конкурстың аймақтық кезеңіне өткен барлық қатысушыларға және ғылыми жетекшілерге сертификаттар беріледі. Ғылыми конкурстың жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Оқушыларды дайындағаны және мектеп жеңімпаздарын дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталады.
  • Онлайн жобаларды таныстыру кезеңінде көрермендердің дауыс беруі ұйымдастырылады, оның қорытындысы бойынша келесі номинациялар беріледі:Тамаша бастау
    Ең креативті жоба
    Ең ауқымды жоба
    Ең перспективалы жоба
    Ең экологиялық жоба
    Ең коммерциялық тиімді жоба
    Ең ғылыми жоба
    Ең өзекті жоба
    Тамаша бастау
    Ең әлеуметтік маңызы бар жоба

I, II және III дәрежелі дипломдардың саны келесі пропорцияда анықталады: жеңімпаздар санының 50% – ы ІІІ дәрежелі дипломдармен, 30% – ы ІІ дәрежелі дипломдармен, 20% – ы І дәрежелі дипломдармен марапатталады.Аймақтық кезеңдегі жеңімпаздар саны әр секция бойынша қатысушылардың жалпы санының 50 пайызын құрайды.

  1. Егер бірнеше қатысушы дипломаттарды анықтауға қажетті төменгі деңгейіне сай балл санын жинаған жағдайда диплом саны жюри шешімімен арттырылады.