Педагог-психологтарының тәжірибе бөлісуі

2018 жылдың 25 желтоқсанында психологиялық қызметі өз тәжірибелерімен бөлісу үшін   Семей қаласының жалпы білім беретін мектептерінің педагог-психологтарына арналған «Педагогтың психоэмоционалдық жануының және оқушылардың психоэмоционалдық шиеленісінің алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты: оқушылардың психоэмоционалдық шиеленісуінің алдын-алу мәселелері бойынша Зияткерлік мектептің білім беру процесін психологиялық сүйемелдеу технологияларымен және педагогтардың кәсіби жануының себептерімен, оның алдын-алу әдістерімен қатысушыларды таныстыру.
Семинардың бірінші бөлімінде активити “Jingle Bells” жаттығу стилінде өткізілді, оның барысында қатысушылар қолдарды үйлестіру дағдыларын шыңдай алды.   Бұл жаттығу мидың жарты шарларының біріктіруі, дене кернеулерін, эмоционалдық қысылуды жоюға және позитивті жаққа бұрылуға көмектеседі. Одан әрі семинарға қатысушылар үшін Арт-терапия техникасынан алынған “Сымнан Фриформ” әдісі бойынша   шеберлік сыныбы  көрсетілді. Психоэмоционалдық жеңілдету үшін  “Антистресс” мотиві таңдалды. Сонымен қатар семинарға қатысушылар  “Без комплексов” психологиялық шоуында өздерінің креативті және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Қатысушылардың  пікірлері бойынша семинар танымдық ой-өрісінің кеңеюіне ықпал етті, сонымен қатар өз мектептерінде оқушылар мен педагогтар үшін психоэмоционалдық шиеленісті шешу үшін идеяларды қалыптастыруға мүмкіндік берді.  Семинар соңында  әр қатысушыға   сертификат берілді. Тәжірибе алмасу шеңберінде зияткерлік мектептің психологиялық қызметімен  жалпы білім беретін мектеп   психологтарының ынтымақтастығын жалғастыру туралы шешім қабылданды: жыл сайынғы дәстүрлі семинарлар. Болашақта бізбен  жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында білімді психологизациялау саласындағы ынтымақтастық     мүмкіндіктері, сондай-ақ семинарға қатысушылар өздерінің секциялық кездесулерінде қала мектептерінің басқа педагог-психологтарымен тәжірибе бөліседі.

Психологиялық қызмет